Серікбай Қанайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікбай Қанайұлы (3.10. 1870, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылы — 16.8.1916ж. Кеген ауылы маңындағы ескі Темірлік жолы бойында Ақшоқының Жыланды деген жерінде патша солдаттары атып кетті.) 1912-1914 ж. Жаркент уезіне қарасты Шелек болысы болған. Елді отырықшылыққа, егін шаруашылығымен айналысуға ұйытқы болды. Алғаш ағаш үй салғызды. — 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы Ұзақ, Жәмеңке батырлармен бірге 1916 жылы шілде айында, кейін Ереуілтөбе аталған жерде, көтерілісшілердің 2000 адамнан тұратын алғашқы жасағын ұйымдастыруға тікелей араласты. Көтеріліс жеңіліске ұшырағанда, көптеген серіктерімен бірге патша жендеттерінің тұтқынына түсті. Қырғызсайға сотқа айдап бара жатқан солдаттар қолынан оққа ұшты. Ол туралы М.Әуезовтің “Қилы заман” повесінде, Бөлтірік ақынның “Ел жарыла көшкенде” толғауында айтылған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref> Балалары Серікбаев Мырқасым Қарақолда Русское-Туземская школада 1913-1916 жылдары оқыған. Кеңес үкіметі орнаған кезде азамат соғысына қатынасады. Жаркент уезінің милиция бастығы, халық соты қызметтерінде болды. Немересі Серікбаев Дәулет Мырқасымұлы қоғам қайреткері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өскемен автомобил жол қатынастар институтының алғашқы ректоры, Республикалық арнайы орта және жоғарғы оқу минстрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Серікбай Қанайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}