Серікбай Бейсенбек Фуатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікбай Бейсенбек Фуатұлы1960 жылы қаңтардың 7-і күні Семей облысы, Аягөз ауданына қарасты Таңсык ауылында туған. <ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1979 жылы Алматы көркем-сурет училищесін,
  • 1984 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркем-сурет институтын (қазіргі Өнер Академиясы) суретші-дизайнер мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі.
  • 1987 жылдан бері үзбей "Жазушы" баспасында кіші көркемдеуші редактор, көркемдеуші редактор, жетекші көркемдеуші редактор қызметін атқаруда.
  • 1992 жылы алғаш рет өткен "Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы" таңбасының (эмблема) авторы.

Осы 1987—2005 жылдар аралығында "Жазушы" баспасынан жарық көрген мыңдаған көркем шығармалар мен оқулықтардың көркемдеуші редакторы ғана емес, олардың жоғары дәрежеде безендірілуіне де көп ат салысты.

Ол барлық республикалық баспалармен тығыз байланыста еңбек етуде. Көптеген дүниежүзілік, халықаралық, республикалық кітап көрмелеріне қатысып, жүлдегер атанды. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Республикалық "Кітап — рухани азық" көрмесін өткізу жөніндегі комиссиясының 2005 жылғы 28 акпандағы шешімімен "2004 жылдың үздік көркемдеуші редакторы" аталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}