Серенада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серенада (французша serenade, италянша. serenata, sera — кеш) — 1) әйелдерге арналған махаббат әні. Провансалдық трубадурлардың “серена” (“кешкі ән”) деген сөзінен шыққан. Бұл жанр оңтүстік роман халықтары тұрмысында кең тараған. Серенаданың тұрақты поэзия формасы қалыптаспаған. Ол лютня, мандолина, гитараның сүйемелдеуімен орындалады. Бертін келе Серенада операға (В.А. Моцарттың “Дон Жуан” мен Дж.Россинидің “Севиль шаштаразы”, т.б.) енді, кейіннен камерция-вокалдық музыканың жанрына айналды. 2) Вокалдық серенада сипатын танытатын жеке кейде аспаптық ансамбльмен орындалатын пьеса; 3) Кассация, дивертисмент және ноктюрнге ұқсас циклдік ансамбльді аспаптық шығарма; 4) 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропада сарай салтанаты құрметіне арналған музыкалық шығарма. Ол музыкалық аспаптың, көбіне оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}br:Nozkan ca:Serenata da:Serenade de:Serenade en:Serenade es:Serenata fr:Sérénade (musique) he:סרנדה hu:Szerenád it:Serenata (musica) ja:セレナーデ ko:세레나데 nl:Serenade (muziekstuk) pl:Serenada pt:Serenata simple:Serenade sv:Serenad th:เซเรนาด tl:Harana zh:小夜曲