Сердюкова Алла Даниловна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сердюкова Алла Даниловна1927 жылы 18 қыркүйекте Украинаның Сум қаласында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1946 жылы Львов полиграфиялық институтына оқуға түсті. 1951 жылы институтты бітіргеннен кейін, жолдамамен Алматы қаласына жұмысқа келіп, сол кездегі ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Казполиграфиздатқа қарасты №3 газет-журнал баспаханасына орналасып, жазық-баспа цехының шебері болып еңбек жолын бастады. Кейіннен ауысым техно жетекшісі, ОТК бастығы болып жоғарылады. Ал 1954 жылы полиграфкомбинатқа ОТК бастығы қызметіне ауысты. Осы жылы Мәдениет министрлігі құрылып, Қазполиграфиздат министрліктің құрамына кіргеннен кейін, А.Д. Сердюкова өндірістік техникалық бөлімнің инженер-технологы болып ауысты. Өндірісте істей жүріп, 14 облыстық, 190 аудандық баспаханалармен тығыз байланыста болды.

1964 жылы Баспа ісі, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрамындағы Главполиграфпром бастығы және өндіріс бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұл кезде баспахана жүйесінде көптеген өзгерістер, ұжымдық, техникалық, технологиялық жаңарулар болды. Әсіресе Комитет төрағасы болып Ш.Р. Елеукенов істеген 1970-1987 жылдары полиграфия өндірісі қарқынды дамыды.

1991 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін Д.Д. Түркбенбаеваның шақыруымен жұмысқа қайта оралып, жоспарлау-қаржы басқармасында 1994 жылдан 1996 жылға дейін жұмыс істеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}