Сердалин Мәмбетәлі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сердалин (Шөбеков) Мәмбетәлі (1865, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы — 1914, Айыртау ауданы Карасевка аулы) — қазақ экономисі, заңгер. Әкесі білімді, ақын болған, өз заманында “Шаһнаманың “Рүстем дастанын” аударған. Сердалин алғашында ауыл молдасынан хат танып, Қоныспай аулында 5 сыныптық орыс мектебін, соңынан Көкшетаудағы 3 сыныптық училищені бітірген. 1886 ж. Петербург университетінде оқыды. Бірақ “Жерлестер одағы” атты студенттік ұйымға қатысқаны үшін университеттен шығарылды. 1888 ж. Омбының техника училищесіне оқуға түсті. Бірақ саяси сенімсіз адамдармен байланыс орнатқаны үшін бұдан да қуылды. Мұнан кейін ел ішіндегі әкімшілік орындарда түрлі қызметтер атқарды. Ел арасында демократиялық көзқарастағы үгіт-насихаттар жүргізгені үшін талай қамауға алынып, үнемі полиция бақылауында болды. Столыпиннің жер реформасына, орыс-казактардың шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алуына ашық қарсы шықты. Сердалин еңбектерінде қазақ жерін шетел капиталистеріне жалға беруге наразылық білдірді, қазақ елінің экономикасы мен мәдениетін өркендету мәселесін көтерді. Көкшетаудағы Степняк кен орнын пайдаланған Штернберг деген ағылшынға 1904 ж. тілмаш болып, 1905 ж. Англияға барды. Сол жылы РСДЖП мүшелігіне өтті. Ол Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты өнер адамдарымен, Науан хазірет сынды діни ғұламалармен достық қатынаста болған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub