Сергібаев Әлім Сәдуақасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергібаев Әлім Сәдуақасұлы1959 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар бекетінде туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Орта мектепті аяқтағаннан кейін «Кітап» фабрикасының түптеу цехында орамаларды кесетін машинада машинист болып істеді.

Еңбектегі адалдығы және жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін оған Коммунистік Еңбек екпіндісі атағы берілді.

1986 жылы наурыз айынан өндіріс саласындағы Бүкілодақтық социалистік жарыстағы жетістіктері үшін – Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті обкомы Президиумының және ҚазКСР бейбітшілікті қорғау бюросының мүшесі болды.

1985-1991 жылы еңбектен қол үзбестен, Мәскеу полиграфия институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылдан мектеп дәптерлері типографиясында цех бастығы, бас инженер, Полиграфкомбинатта бас инженер болып еңбек етті.

Астананың ауысуына байланысты 1998 жылдан «Астана полиграфия» АҚ-ның өндірістік басқарма бастығы, бас инженер, директор болды. «Астана полиграфия» АҚ баспаханасында істеген 7 жылда өндірісті қайта құру, жаңа технологияларды енгізу істеріне белсене араласты.

2001 жылы Әлім Сәдуақасұлы Сергібаев «Алғыс хат» мемлекеттік алғысымен, 2003 жылы «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет грамотасымен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}