Сергей Юрьевич Ларин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Сергей Юрьевич Ларин (22 шілде 1986 жыл<ref>https://www.national-football-teams.com/player/9776.html</ref>, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Алматы футболының түлегі. 2003 жылы карьерасын "Цесна" (кейін "Алматы" деп атауы өзгертілді) клубында бастады. 2003 жылы 17 маусымда тұңғыш ойынын "Қайраттың" ізбасарлар клубына қарсы өткізіп, сегізінші минутта гол соқты. 2008 жылғы маусымнан соң "Алматы" мен "Мегаспорт" бірікті де, "Локомотив" (қазіргі "Астана") клубы құрылды. Жаңа клубта Ларин мүлде ойнамады, 2009 жылдың ортасында "Атырауға" ауысты.

2011 жылғы маусымда "Востокта" өткізді.

2012 жылы "Атырауға" қайта оралды, бірақ көп ұзамай карьерасын аяқтады.

2005 жылы 29 қаңтарда Жапонияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет құрама сапында алаңға шықты.

2008 жылы Арно Пайперс құрама бапкерлігінен кеткен соң құрамаға шақырылған жоқ.

Жетістіктері

  • Қазақстан кубогы: 2006

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер