Сергей Петрович Шевченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шевченко Сергей Петрович 1972 жылы 18 мамырда РКФСР Ростов облысы Тацин ауданының Михайлов хуторында туған. Орыс. Анасы - Цыб Галина Михайловна, зейнеткер, Көкшетау ет комбинатында тағамдық майлар аппаратшысы болып жұмыс істеген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын (1994) орта мектептегі физика және математика пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша; Көкшетау университетін (2003) дене тәрбиесінің педагогы мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан - Көкшетау қаласының Спорттың жазғы түрлері бойынша ОРБЖСМ жеңіл атлетика жаттықтырушы-оқытушысы. 2002 жылдан бері - Ақмола облысы Степногорск қаласының ОСДБМБ жаттықтырушысы. XXIX Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин, 2008) Некрасова Иринаны тәрбиелеген. ≪Ерен еңбегі үшін≫ медалімен марапатталған (2008). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2008). Діни көзқарасы - діндар, христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Жақсы≫. Хоббиі - балық аулау. Үйленген. Жұбайы - Шевченко Ирина Григорьевна (1975 жылы туған). Ұлы - Шевченко Сергей Сергеевич (2004 жылы туған), қызы - Шевченко Екатерина Сергеевна (2007 жылы туған).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub