Сергей Павлович Юн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Павлович Юн 1956 жылы 27 мамырда Қарағанды қаласында туған. Корей.

Әкесі - Юн Павел Иванович, марқұм. Анасы - Юн Зинаида Яковлөвна, марқұм.

Мәскеу қазіргі заман гуманитарлық академиясы Теміртау филиалының басқару және қуқық факультетін бітірген (2009), мамандығы - «Менеджмент және басқару». «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1974 жылдың шілде айынан қазан айына дейін - Приморье өлкесінің Спасск-Дальний қаласындағы №87243 ә/б жүргізушісі. 1974 жылдың қараша айынан 1976 жылдың қараша айына дейін - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - Қарағанды политехникалық институты жұмысшы факультетінің студенті. 1979 жылдан Қарағанды автокомбинатының жүргізуші-экспедиторы. 1981 жылдан - Қарағанды №1 автокомбинатының жүргізуші-экспедиторы. 1986 жылдан - Қарағанды металлургия комбинаты трамвай паркінің жүргізушісі. 1988 жылдан - «Импульс» кооперативінің төрағасы (Теміртау). 1991 жылдан - Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары. 1992 жылдың шілде айынан - Қазақ мәдениет қоры Теміртау қалалық бөлімшесінің материалдық-техникалық бөлім бастығы. 1992 жылдың қазан айынан - «ТЭСС» ШЖК директоры (Теміртау). 1994жылдан - Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан - Теміртау Мәдениет сарайының директоры. 2006 жылдан бері - К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының директоры. Теміртау қалалық мәслихатының 3-ші шақырылым депутаты (2003-2007).

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» медалімен марапатталған (2001). Мәдениет қайраткері (2001).

Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Құқықтық демократиялық мемлекет».

Хоббиі - балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - шетелдік классикалық әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Юн Татьяна Павловна (1962 жылы туған), дәрігер-окулист. Қыздары - Юн Ирина Сергөевна (1980 жылы туған), жеке кәсіпкер, Юн Елена Сергеевна (1985 жылы туған), үй шаруасында; ұлы - Юн Виктор Сергеевич (1992 жылы туған), студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сергей Павлович Юн|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}