Сергей Николаевич Церковников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Николаевич Церковников - 1954 жылы 4 желтоқсанда Орал қаласында туған. Орыс. Әкесі - Церковников Николай Евстафьевич, марқұм. Анасы - Церковникова Зинаида Николаевна, зейнеткер. Орал құрылыс техникумын (1976) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1991) «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп және ШҚА» мамандығы бойынша үздік бітірген. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1973-1975 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1976 жылдың наурызынан - Орал облысы Бөрілі ауданының «Ақбұлақ» кеңшарында шебер-құрылысшы.
  • 1976 жылдың шілдесінен - Орал облысы Зеленов ауданының Фрунзе атындағы көкөніс-сүт өндіруші кеңшарында шебер-құрылысшы.
  • 1978 жылдың мамырынан - Орал облысы Теректі ауданының «Ауданарнайышар» кеңшарында аға жұмыс өндіруші.
  • 1982 жылдан - «Батысэлеватордиірменқұрылыс » тресінің 4-ЖМК бастығы.
  • 1983 жылдың қазанынан - Орал облысы Приуралье ауданының ұжымшараралық тобының аға инженері.
  • 1984 жылдың қыркүйегінен - Орал облысы Приуралье ауданының бас инженер-құрылысшысы.
  • 1987 жылдың наурызынан - Орал облысы Приуралье аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің аға инженер-құрылысшысы.
  • 1987 жылдың тамызынан - Орал облыстық АӨК Приуралье аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы.
  • 1993 жылдың сәуірінен - БҚО Приуралье ауданының мемлекеттік коммуналдық мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің бас маманы.
  • 1993 жылдың шілдесінен - БҚО Приуралье аудандық әкімшілік басшысының орынбасары.
  • 1994 жылдың қарашасынан - БҚО Приуралье ауданы бойынша салық инспекциясының бастығы.
  • 1997 жылдың қыркүйегінен - «Гидромонтаж» МШБ-14 ЖАҚ №7 монтаж басқармасының бастығы (Ульянов ауданының Новоспасское кенті).
  • 1998 жылдың желтоқсанынан - БҚО Зеленов ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалар бөлімінің бастығы, 1999 жылдың мамырынан - Салық комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1999 жылдың қыркүйегінен - БҚО Теректі ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
  • 2000 жылдың қазанынан - БҚО бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары м.а., 2001 жылдың қаңтарынан - төрағасының орынбасары.
  • 2003 жылдың сәуірінен - БҚО әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
  • 2003 жылдың мамырынан - Орал қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2005 жылдың қазанынан - БҚО Табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекені қорғау басқармасының бастығы.
  • 2006 жылдың наурызынан - БҚО Теректі ауданының әкімі.
  • 2008 жылдың сәуірінен бері - Батыс Қазақстан облысы мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғат апаттарының алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығы. Орал облысы Приуралье аудандық Депутаттар кеңесінің депутаты (1984-1991). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), Mapшал Г.К. Жуков атындағы (2008), «Жергілікті әскери басқару органдарына 90 жыл» (2008), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Хоббиі - кітап оқу, гүл өсіру.

Үйленген. Жұбайы - Церковникова Клавдия Васильевна, үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Церковников Алексей Сергеевич, БҚО Зеленов ауданының «Авангард» ШҚ басшысы, Церковников Даниил Сергеевич, құрылыс ұйымында жұмыс істейді.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub