Сергей Николаевич Савин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Сергей Николаевич Савин (8 сәуір 1964 жыл) — КСРО және Қазақстандық футболшы, шабуылшы. Қазақ КСР клубтарында ойнаған.
Карьерасы
1981 жылы 17 жасында "Қайрат" клубына қабылданды. Бірақ негізгі құрамға ілігуге тым ерте болғандықтан, қосалқы құрамда отырып қалды. 1983 жылы алматылық тағы бір клуб — СКИФ-ке жалға берілді.
1985 жылы "Тракторға" ауысқан соң ғана негізгі құрамда ойнай бастады. Бірақ "Тракторда" да, кейін "Екібастұзда" да, "Металлургте" де мергендігімен көзге түсе алмай, клубтарды жиі ауыстырумен болды.
1992 жылы "Фосфор" сапында Қазақстан чемпионатында және кубок ойындарында жиі алаңға шыққанымен, гол соға алмай, маусым біткен соң карьерасына нүкте қойды.
1998 жылы "Қайрат" екіге бөлінді де, Савин сонда барып азырақ ойнады.
Жетістіктері
- Қазақстан кубогының финалисі: 1992