Сергей Михайлович Куцов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Сергей Михайлович Куцов (23 сәуір 1977) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы

Ол кәсіпқой карьерасы 1993 жылы Бішкектің «Алға-2» командасында бастады. Алғашқы маусымында ол Қырғызстан кубогының финалисі болды. 1994 жылдан бастап «Алға» (кейін – СКА ПВО) командасының негізгі сапында ойнады, чемпионаттың үш дүркін күміс жүлдегері (1997, 1998, 1999) және ел кубогының үш дүркін иегері атанды. Ол Қырғызстанның жоғары лигасында барлығы 150 кездесу өткізіп, 85 гол соққан.

Қырғызстан құрамасы сапында 1996 жылы 24 қаңтарда Азия Кубогының іріктеу турнирінің Сауд Арабиясына қарсы матчында бірінші таймда ойнап, алғашқы ойынын өткізді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол өзінің алғашқы голын 1997 жылы 9 маусымда әлем чемпионатының іріктеу ойынында Иранға қарсы соқты<ref>Иран 3 : 1 Киргизия</ref>. 1997 жылы үш матч қатарынан гол соқты - Иранмен ойыннан басқа Сирия мен Мальдив аралдарына да гол соқты. Барлығы 1996-2001 жылдары ұлттық құрама сапында 16 кездесу өткізіп, үш гол соқты.

1999 жылдың ортасында ол қазақстандық "ЦСКА-Қайрат" клубына ауысты. Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын 1999 жылы 24 шілдеде «Ақмола» (Степногорск) клубына қарсы соқты<ref>«ЦСКА-Кайрат» 3:0 «Акмола» Степногорск</ref>. 2001 жылы ЦСКА-Қайрат пен «Қайрат» біріккеннен кейін ол «Қайрат» сапында ойнай бастады. 2004 жылғы Қазақстан чемпионы, 2001 және 2003 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды. Осы кезеңде ол шабуылшы позициясынан орталық қорғаушы позициясына ауыстырылды.

Кейін легионер атанбас үшін Қазақстан азаматтығын алды.

Жетістіктері

Клубтық

  • Қырғызстан кубогы: 1997, 1998, 1999
  • Қазақстан кубогы: 2001, 2003
  • Қазақстан чемпионы: 2004

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Сыртқы сілтемелер