Сергей Михайлович Верменичев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сергей Михайлович Верменичев (16 қараша 1939 жылы, Алматы қаласында туған) – биология ғылымдарының докторы (1977 жылы), профессор (1996 жылы).

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға зертханашы, кіші, аға ғылыми қызметкер (1963–81 жылдары), 1981 жылдан зертхана меңгерушісі болды. 1993 жылдан экспериментті химия-терапия зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның негізгі ғылыми жұмыстары онкология саласына арналған. Верменичев 242 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub