Сергей Каримов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы


‘’’Сергей Каримов – қазақ-неміс футболшысы, сол қапталдағы қорғаушы.‘’’

Өмірбаяны

1986 жылы, 21 желтоқсанда Қарағанды облысы, Саран қаласында дүниеге келген. Сереганың әкесі орыс, анасы неміс. 1995 жылы отбасымен бірге Германияға қоныс аударған. Анасы «Фольксваген» концернде жұмыс істейді. Әкесі сол жақта қайтыс болған. Қарағандыда тұрғанда кенші болған. Туған әпкесі әлі күнге дейін Қазақстанда тұрады.

Карьерасы

Каримов 2005-2011 жылдар аралығында Германия Бундеслигасындағы «Вольфсбург» клубында өнер көрсетті. Көбіне қосалқы құрамда ойнағаны белгілі. Ал негізгі құрамдағы алғашқы ойынын 2007 жылдың 8 желтоқсанында «Штугартқа» қарсы өткізген. 2008 жылы Германия кубогының 1/16 финалында «Шальке 04» командасының қақпасына 90 минутта өзінің алғашқы голын соқты. Тоқсан минут бойы 0:1 есебімен ұтылып жатқан командасын жеңілістен құтарып қалады. Ойын соңындағы пенальтиде жеңіс голын соғып, «Вольфсубргты» келесі кезеңге алып шыққан болатын. Сол кезде бас бапкер Феликс Магат Сергейдің өнеріне риза болып, футболшымен 2010 жылға дейін келісімшарт жасайды. 2009 жылы «Вольфсубрг» клубымен Германия чемпионатында топ жарған. Кейіннен «Дуйсбург» командасына ауысты.

Ұлттық құрамасы

2008 жылы Қазақстан футбол федерациясы Сергейге Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға ресми түрде ұсыныс жасады. Арада екі жыл өткенде, ҚазақстанОман арасындағы кездесуге қатысты. Бұл оның ұлттық құрамадағы дебюттік матчы. Одан кейінгі жылдары Каримовты Қазақстан құрамасынан көргеніміз жоқ.

Жетістіктері

Клубпен

Германия Чемпионы: 2008/2009

Жеке

Сілтемелер