Сергей Иванович Кручина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Иванович Кручина - 1959 жылы 8 тамызда Петропавл қаласында туған. Орыс. Әкесі - Кручина Иван Иванович, зейнеткер. Анасы - Кручина Любовь Алексеевна, зейнеткер. Петропавловск педагогикалық институтын бітірген (1980), жаттықтыруш ы-оқыту ш ы.

  • 1980 жылдан - СҚО «Еңбек резервтері» БЕСҚ облыстық кеңесінің велоспорттан жаттықтырушысы. 1983 жылдан - СҚО №2 Бескөл БЖСМ велоспорттан жаттықтырушысы.
  • 1993 жылдан - СҚО «Динамо» облыстық кеңесінің велоспорттан жаттықтырушысы.
  • 1998 жылдан бері - СҚО ОРМБЖМ велоспорттан аға жаттықтырушысы. Веложарыстан спорт шебері (1980). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1988).

Еңбек сіңірген спорт шебері А. Винокуровты; халықаралық кластағы спорт шеберлері А. Надобенко мен С. Яковлевті тәрбиелеген.

Әскери атағы - прапорщик.
Хоббиі - балық аулау.

Үйленген. Жұбайы - Гаврилова Венера (1968 жылы туған). Қыздары - Юлия (1988 жылы туған); Валерия (2000 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub