Сергей Васильевич Харченко
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сергей Васильевич Харченко (7 шілде 1945 жылы туған, Украина, Житомир облысы Емильчинский ауданы Хлеборобское селосы) – тарих ғылымдарының кандидаты (1985) және әлеуметтану ғылымдарының докторы (1995), профессор.
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- Қостанай облысы Жітіқара қаласында құрылыс басқармасында жұмысшы, комсомол комитетінің хатшысы, қалалық, облыстық комитеттің нұсқаушысы (1961–1987)
- «Ленинский путь» (1992 жылдан «Костанайские новости») редакциясында редактордың орынбасары (1987–1992);
- 1992 жылдан бас редактор қызметін атқарды.
Ғылыми еңбектері
- «Социальное настроение общества и факторы влияющие на его формирование» тақырыбында докторлық диссетация қорғады.
- 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
- «Құрмет» орденімен (1998) марапатталған.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}