Сергей Борисович Вишняков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Сергей Борисович Вишняков (25 желтоқсан 1962, Семей, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Семей футболының түлегі. Карьерасын 1980 жылы Семейдің "Спартак" клубында бастады. 1986 жылы бір маусым Рубцовскінің "Торпедо" клубында ойнады да, 1987 жылы туған командасына қайта оралды.

1992 жылы "Фосфор" сапында Қазақстан кубогының финалисі атанды. Келесі маусымда тағы да семейлік клубқа оралды ("Спартак" ол кезде "Елімай боп өзгерген-ді). 1994, 95 жылдары семейлік клуб сапында Қазақстан чемпионы атанды.

2006 жылдан "Шахтер" (Қарағанды) клубынынң бапкерлер штабында жұмыс жасайды.

Жетістіктері

Командалық

  • Қазақстан чемпионы: 1994, 1995, 1998
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
  • Қазақстан кубогы: 1995

Жеке

  • Қазақстан спорт шебері

Отбасы

Жұбайы – Хрисула Ильинична. Ұлы – Дмитрий.

Сілтемелер