Серафим Павлович Ассуиров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серафим Павлович Ассуиров (1906-1964), орыс актері. Қазақстан Республикасының халық артисі (1955). Алматыдағы Орыс драма театрының негізін салушылардың бірі. Саран қаласындағы мектепті бітірген соң, осындағы театр труппасында актер болды (1924-26). Бұдан кейін Ресейдің бірқатар театрларында қызмет істеді. 1934-64 ж. М. Лермонтов атындағы Орыс драма театрының труппасында қызмет етті. Ассуиров шығармашылық өнер жолында сан алуан сахналық мінез-кейіптер жасады. Ол 1937 ж. Әуезовтің «Түнгі сарын» спектаклінде оқыған, бұла өскен бай баласы Жүністің бейнесін аса қу, екі жүзді, жымысқы жан ретінде кескіндеді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref> Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}