Сенсорлық ec

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сенсорлық ec — сезім органдарына түсетін ақпаратты сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында (әдетте, бір секундтан азырақ) есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезиялық ес жүйесі стимулдардың түрлеріне қарай: көру, есту естері және т.б. сараланады. Сенсорлық есте ақпараттың физикалық белгілері ұсталады деп ұйғарылады; оның тиісінше вербалдық-акустикалық және семантикалық кодтау тән болатын қысқа уақыттық ес пен ұзақ уақыттық естен айырмашылығы осы. Алайда бұл айырмашылықтың шартты сипаты бар, өйткені физикалық (перцептивтік) белгілердің ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, семантикалық сипаттамалардың материалды өңдеудің біршама ерте кезеңдерінде-ақ саралануы мүмкін.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}