Сенойлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сенойлар — тайпалар тобы (семаи, тимиар, джаххут, чевонг, махмери, т.б.). Олар Малакка аралының Орталық үстіртінің орманды алқаптарын мекендейді. Сенойлар 30 мыңдай адам. Тілдері монкхмер тілдері тобына жатады. Бірақ малайя тілінің әсері басым. Ислам дінімен қатар дәстүрлі наным-сенімдерін де ұмытпаған. Антропологиялық типтері, тілі мен мәдениетіндегі ерекшеліктер олардың Оңтүстік Шығыс Азиядағы моңғол нәсіліне дейінгі байырғы тұрғындар тобына жататынын байқатады. Қазіргі сенойлар малайялықтармен ассимиляцияға ұшыраған. Олар егіншілікпен және аң, балық аулаумен айналысады. Сенойларда аналық рулық қатынастар ерекше дамыған. <ref>Әдеб.: Народы мира, Энциклопедический справочник, М., 1988.</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сенойлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}