Семей тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Семей тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты - сәулет өнері ескерткіші. 19 ғасырлардың 50 жылдары қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында салынды. Қазан төңкерісінен кейін мұнда "Бостандық үйі" (алғашқы Совдеп кеңесі), 1977 жылдан облысы (бұрынғы) тарихи-өлкетану мұражайы орналасты. Ғимарат "П" әрпі пішінді тең қабырғалы симметриялық стильде, "орыс классицизмі" үлгісінде түрғызылған. Пайдалы ауданы 857,4 шаршым, биіктігі 4,10 м. Іргесі қима тастардан қаланып, қабырғасы күйдірілген кірпішпен өрілген, шатыры каңылтырмен жабылған. Орталық және 2 бүйір бөліктерден тұрады. Орт. бөлігі биіктеу, оның дөдегесі шыгыңқы өрнектермен әшекейленген, сылағы оюланған. Бүйір бөліктерінің алдыңғы жағы қашалған, қима бедерлі. Ғимарат терезелері қиматас маңдайшалы, төменгі жақтары қабырғаға тірелген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}