Семей орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Семей орыс драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы — кәсіби сахналық ұжым. Ол жергілікті басқару органдарының 1934 жылғы 16 қазандағы шешімі бойынша Жұмысшы жастар театры негізінде құрылып, 1935 ж. 25 ақпанда сахна шымылдығын алғаш ашты.


1937 – 40 ж. аралығында орыс (А.Н. Афиногенов, В.М. Гусев, А.Н. Островский) және шетел (Э.Лессинг) жазушыларының пьесаларын сахнаға шығарды. Актерлер: Н.П. Батурин, И.И. Загвоздкина, Е.Е. Орел, т.б. өздерінің сахналық өнер жолын осы театрдан бастады. Соғыстан соң театрдың материалдық-техникалық негізі, сахналық-шығармашылық құрамы нығайтылып, репертуарына жаңа шығармалар (А.Е. Корнейчук, И.Ф. Попов, А.М. Горький, К.А. Тренев, В.И. Пистоленко, А.М. Володин, А.Д. Салынский, У.Шекспир, т.б. пьесалары) енгізілді. 1950 — 60 ж. театр өмірінің елеулі өсу кезеңі болды. Театр құрамында актерлер Г.В. Кристель, Ю.Ю. Алексеева, С.С. Забельский, Л.Д. Игуменова, М.С. Ларичкина, режиссер А.В. Ищенко (1981 жылдан), суретші Т.Г. Кузнецова, т.б. еңбек етті.

1970 – 2000 ж. орыс және шетел драматургиясының таңдаулы туындылары театр сахнасынан тұрақты орын алды.


1975 ж. театрға жазушы Ф.М. Достоевскийдің есімі берілді.

Жетістіктері

1987 ж. театр ұжымы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}