Семей мешіттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Семей мешіттері.1854 ж. Семей қаласында 8 мешіт болған.

Абай заманында осы 8 мешіттің жанында 8 медресе жұмыс істеген. Онда 581 бала дәріс алған. Абай Қамали қазіреттің мешіті жанындағы медреседе оқыған (қазіргі Қызыләскер көшесі, 100- үй). Мешіт 1947 ж. естеніп кеткен. Ал ағаштан салынған медресе үйі 1991 ж. бұзып алынып, Семейдегі Абайдың әдеби-мемориал. музейі үйі жанына кешірілді. Мешіт бұрынғы жобасымен қайта салынды. Кезінде Ташкенттіктер, бұқаралықтар салғызған Сарт мешіті, Тоқал мешіті Ибрагим молда мешіті, Ғидаят мешіті қазір жоқ.

Хамитұлы мешітінің құрылысы осы күнге дейін жақсы сақталған. Құрманғали Мезеннің мешіті де жұмыс істейді. Мусин мешітінде мәдени орталық ретінде ұлттық рәсімдер, тұрмыс-салт, дәстүр кештері өтіп тұрады. Акрам молда мешітінің мұнарасы алып тасталған. Жатақхана ретінде пайдаланылады. Ертістің сол жағындағы мұсылман қауымы Тінібай Қаукенұлы мешітіне барып, мінәжат етіп тұрады. Осы мешіттердің барлығы Абай өмір сүрген уақытта Семей мұсылмандарының құдайға құлшылық етіп отыратын қасиетті орындары болған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семей мешіттері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}