Сембіғали Төрешұлы Зәкенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сембіғали Төрешұлы Зәкенов (1965 ж. т., Бейнеу ауданы Сарықамыс кенті) – ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1996), профессор (2003). ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1986). 1986 ж. жолдамамен ҚазПТИ-дің Ақтау қаласындағы бөлімшесіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. Зәкеновтің негізгі ғылыми жұмысының бағыты мұнай және газ кен орындарын бұрғылау техникасын жетілдіруге арналған. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, монографиялық еңбегі жарияланған. ҚР білім беру саласындағы «Құрметті қызметкер» (2001) белгісімен марапатталды.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub