Семангтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Семангтар (өз атаулары — мени, менди) — Малайзияның солтүстігі мен Тайландтың оңтүстігінде тұратын тайпалар тобы. Малакка түбегінің орталық бөлігін мекендеген ежелгі тұрғын халықтардың ұрпағы, антропологиялық жағынан аласа бойлы австралиялық нәсілге жатады. Жалпы саны 5,9 мың адам. Тілі мон-кхмер тіліне жатады. Семангтардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Кокос, күріш, гевея, кофе, т.б. өсіреді. Үйлерін бамбук ағашынан тұрғызады. Дәстүрлі наным-сенімдерімен қатар ислам дінін де ұстанады.


Әдеб.: Народы мира, Энциклопедический справочник, М., 1988.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семангтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}