Сельма Лагерлеф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сельма Лагерлеф (1858 жыл 20 қараша - 1940 жыл 16 наурыз) - швед жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты. Швед академиясының мүшесі (1914).

Өмірі

1885 жылы мұғалімдер семинариясын бітірген. Оның «Йест Берлинг туралы сага» (1891), «Антихристің кереметтері» (1897) романдары мен балаларға арналған «Нильс Хольгерссонның Швецияға жасаған ғажайып саяхаты» (1906-1907) кітабында патриархалдық құрылыс романтикалық рухта дәріптеліп жазылған. Лагерлефтің соғысқа қарсы жазған «Левеншельдтер жүзігі» (1925), «Шарлотта Левеншельд» (1925), «Анна Сверд» (1928) атты трилогиясында қиялшыл пастор әшкереленеді де, сергек әрі іскер шаруа қыз оған қарсы суреттеледі. 1920-1930 жылдары ол фашизмге, халықаралық соғыс қаупіне қарсы шықты. Бейбітшілікке деген күресі үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>