Селсоқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Селсоқ. Ықлассыз, енжар мағыналары кейде осы сөзбен де айтылады. «Лейтенант мені аса елемегендей селсоқ тыңдады» (Ж. Қизатов, Өмір.). «Селсоқ» сөзінің төркіні жүйесі басқа тілден. Дәлірек айтқанда, парсы тілінен ауысып келген. Бұл тілде «дэлсухтэ» сөзі біздің түсінігіміздегі «ренжіген», «қамыққан» мағыналарында қолданылады. Бір тілден екінші тілге сөз ауысқанда аз-кем дыбыс өзгерістері болып отыратынын жоғарыда талай кездестірдік. «Дэлсухтэ» тұлғасы парсы тілінің өзінде екі түбірдің бірігуінен пайда болған: біріншісі — дэл (біздегі «жүрек» мағынасында), екіншісі — сухтэ (бізше — мұңды, жабырқау). Осы деректер бойынша, «дэлсухтэ» сөзін қазақ тіліне аударғанда «жүрек мұңы» немесе «мұңды жүрек» мағынасын береді. Жүрегі мұңды адам ренжулі, қамығуда болатынын ескерсек, «дэлсухтэ» тұлғасының парсы тілінің өзінде дұрыс мағынасында қолданылып тұрғанын байқаймыз. Біздің тілімізге ауысқанда қамығу, ренжу нәтижесінен туатын - ықлассыз, енжарлық мағыналарын меншіктенген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}