Селебе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Селебе Қазір бұл сөзді біз тек пышақ ұғымында түсінеміз. Соңдықтан да болар, түсіндірме сөздікте — ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ деген анықтама берілген. «Ол беліндегі күміс белбеуіне былғары қынды селебе таққан» (I. Есенберлин, Қаһар).Сөздің алғашқы тұлғасы мен тұңғыш мағынасы жөніндегі деректерді моңғол тобындағы тілдерден кездестіреміз. Моңғол тілінде сэлэм — қылыш (Мон.-қаз. сөз., 1954, 170), Қалмақтарда біздегі «Қылыш» мағынасы — «селм» сөзі арқылы түсіндіріледі (Рус.-кал. сл., 1964, 624). Түркі тілдері ішінен туваларда «селеме» сөзі «қылыш» ұғымын береді (Рус.-тув. сл., 1980, 516). Мұның мағына жағы болмаса, дыбыстық құрамы жағынан біздегі «селебе» сөзінен айырмасы жоқ. Шамалауымызша, сөз тұлғасы ертеден түркі, моңғол тобындағы тілдерге ортақ та, мағынасы қазіргі біздегі «қылыш» ұғымын меншіктенген болса керек.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}