Секірмелі қабат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Секірмелі қабат — көлдің едәуір тереңдігінде кездесетін су қабаты. Одан әрі қарайғы тереңдікте су температурасы жедел төмендеп кетеді. Бұл қабат көл суының үстіңгі қабаттарында жылылықтың тәуліктік алмасу процесінің әсерінен пайда болады; жазда күндіз жылыған судың үстіңгі қабаты түнде суынады да, одан кейін өзімен тығыздығы бірдей төменгі су қабатына дейін төмен түседі. Төмен түскен бұл суық су қабатының орынын көл түбінен көтерілгең жылы су қабаты басады. Ол көктемде және жазда пайда болып, күзді күні көлдің ысуы әлсіреген уақытта төмендеп жоғалады. Ашық ауа райы секірмелі қабаттың тереңдеуін туғызады, өйткені бұл уақытта көлдің суынуы әдеттегіден қарқындылау болады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Секірмелі қабат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}