Сексенбаева Эдия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сексенбаева Эдия1938 жылы20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Шәуешек қаласында өмірге келген.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>. 1955 жылы сәуір айында атамекенге — Семей облысының Ақсуат ауданына оралады.

1957 жылы Көкпекті ауданынан орта мектепті бітіріп, 1963 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтынын филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын "Білім және еңбек" журналынан бастап, 1967 жылы "Қазақстан әйелдері" журналына қызметке ауысқан.

Аға әдеби қызметкер болған, ғылым, мәдениет, әдебиет бөлімін басқарған. 1980—1984 жж. "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, 1994 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін бөлім меңгерушісі міндетін атқарған.

1969 жылы"Жас керуен" жинағына бір топ өлеңдері енді. 1983 жылы төл жырлары "Шуақ" деген атпен "Жазушы" баспасынан жарық көрді. моңғол, қарақалпақ, татар, башқұрт, түрікмен, орыс, латын, қырғыз ақын-жазушьларының әңгімелері мен өлеңдерін аударған.

Татар жазушысы И.Салаховтын "Емендер тамыр жайғанда" романын аударып, 1990 жылы"Жазушы" баспасынан жарыққа шығарды. 1975 жылы Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}