Секпіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Секпіл (ephelіdes) — адамның терісіне түсетін пигментті ұсақ дақтар. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде пайда болады. Секпіл тері клеткаларында пигментмеланиннің көп жиналуынан болады. Секпілдегі ақшыл қоңыр, қара қоңыр, пішіні дөңгелек, сопақша не белгілі бір пішінсіз болып келеді. Әсіресе, көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай даққа айналады. Секпіл адамның бала кезінде пайда болып, жас ұлғая келе, көбіне 30-дан асқаннан кейін өздігінен жоғалады. Көп жағдайда ақ құба, сары не жирен шашты, терісі жұқа адамдарда кездеседі. Емі: ең алдымен секпіл тудыратын гинекология, асқазан, ішек-қарын ауруларын, эндокринді, жүйке жүйесі жұмысының ауытқуын емдеу қажет. Тәулігіне 1 граммнан 3 рет аскорбин қышқылы беріледі. Дақ бар жерге лимон сөлі, лимон қышқылы, сірке қышқылы, 30%-дық пергидрол, 10%-дық сынап, 5%-дық гидрохинон майлары жағылады. Секпіл түскен жерлерді күн сәулесінен қорғау қажет.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Секпіл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}