Сейітқұл батыр Қойдағұлов
Сейітқұл Қойдағұлов (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ батыры, елшісі. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 жылы Ресей императоры Анна Иоанновнаға Құлымбет Көштайұлы бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі.
1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы Санкт-Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоанновнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Бұл хатта Әбілқайыр: «Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылың ханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкіл жұртыммен Сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресей мемлекетіне әрдайым адал боламыз...» - деп жазған.
Қойдағұлов бастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюында айтарлықтап роль атқарды.<ref>Қазақ кеңес энциклопедиясы</ref>