Сейітқасым Ниязбекұлы Байбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітқасым Ниязбекұлы Байбеков (22.4.1955 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақөзек ауылы) – техника ғылымның докторы (2003). Ленинград мемлекеттік университетінің физика факультетін (1977, қазіргі Санкт-Петербург университеті) және осы университеттің жанындағы Физика ғылыми-зертеу институтының аспирантурасын (1986) бітірген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында (1978–1986, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент; Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі к-тінде кеңесші, Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде аға референт, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары (1994–2000), Еуразия ұлттық университетінде ф-т деканы (2000), Алматы технология және бизнес университеті бөлімшесі директорының орынбасары (2000–2001), аға ғылыми қызметкері (2001–2002), Ақмола технология және бизнес университетінің президент-ректоры (2002–2003), Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (2003–2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қазақ метеорология институтының бас директоры, атқарушы директоры. «Теория и практика системного анализа, моделирования и прогнозирования выборных процессов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Б. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітқасым Ниязбекұлы Байбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}