Сейітқали Қайырғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітқали Қайырғалиев (1946, бұрынғы Тайпақ ауданы, Қарауылтөбе ауылы —15.10.1992 Алматы) — композитор.


1967 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітірген. Алматы облысындағы Есік қаласында мәдениет үйінде, Алматы облыстық филармониясында жұмыс істеді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> 1979 жылдан өмірінің соңғы күндеріне шейін Қазақ теледидарында дыбыс режиссері болын қызмет атқарды. Шымкент мәдениет институтын сырттай бітірді. Белгілі сазгер, әнші С.Лұқпановтың отбасылық ансамблінде баяншы болып жүргеңде алғашқы әндерін шығарған. 50-ге тарта ән авторы. Әсіресе «Кетсең де шалғай» (өлеңі Б. Баймұқанованікі), «Махаббат назы» (Қ.Қазыбеков), «Екі жұлдыз» (Т.Молдағалиев), «Жүрек сыры», «Үмітім менің» (Қ.Қазыбеков), т.б. әндері республика жұртшылығы арасына кең таралған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}