Сейітхан Ахметұлы Исаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Сейітхан Ахметұлы Исаев (1918 жылы 31 желтоқсанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған) — Ұлы Отан соғысының ардагері. тарих пәнінің ардагер мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Білім саласының құрметті қызметкері. Барыс және Парасат ордендерінің иегері.

Толығырақ

  • Сейітхан Ахметұлы Исаев 1918 жылы 31 желтоқсанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы №9 ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасы Тобықты (Құланшы?) руынан шыққан.
  • 1941 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факултетін бітірген.
  • Еңбек жолын 1941 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығындағы Есік қазақ орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беруден бастаған.
  • 1942 жылы армия қатарына шақырылып, Орлов әскери училищесіне оқуға жіберіледі. Қысқа мерзімді училищені лейтенат әскери атағымен бітіріп, Ашхабадтағы №18 мергендер мектебінде взвод командирі болып қызмет істеп, 1943 жылы соғыс майданына аттанады. 2-Украин майданында 41-гвардия дивизиясының 24-полкі бірінші батальонының құрамында соғыста болады. Днепршайқасы мен Корсунь – Шевченконы қоршау және оны босату шайқасына қатысып, ерліктер көрсетеді. Соғыста екі рет жараланып, соңғы ауыр жарадан армия қатарына жарамсыз мүгедек ретінде еліне оралады.
  • Соғыстан келген соң педаогогикалық жұмысына кірісіп кетеді. Алматы облысы Қарасай ауданы Есік орта мектебінде мұғалімдік, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директоры болып қызмет атқарды.
  • 1948 жылы Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, бірнеше жыл сонда қызмет атқарып, кейін ауданда жаңадан ашылған Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне ғылыми қызметкер болып ауысады.
  • 1999 жылы құрметті демалысқа шықты.
  • «Ұстаз болу – бақыт» кітабының авторы.

Білімі

Отбасы

  • Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып, 1994 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
  • Жұбайы Хамиева Нұрғайын Қауезханқызы да соғыс ардагері, екеуі бес баланы тәрбиелеп өсірді, барлығы жоғары білімді, халық шаруашылығының әр саласында еңбек етуде.

Марапаттары

  • Қазақстан
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (құрметті атағы)
  • Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі
  • Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
  • Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері
  • Қаскелең қаласының және Қарасай ауданының құрметті азаматы
  • ҚР көптеген мерекелік медалдарының және президенттің жеке алғыс хаттарымен марапатталған.
  • ҚР Президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапаты Барыс (2015) және Парасат ордендерімен марапатталған.
  • КСРО
  • І дәрежелі Отан соғысы ордені
  • ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені
  • Ұлы отан соғысының ардагері ордені
  • КСРОның 17 мерекелік және жауынгерлік медалдарымен марапатталған.