Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов.JPG
Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы

Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы (1947 жылы туған, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылы) – қаржыгер, қоғам қайраткері. Алматы халық шаруашылық институтын бітірген (1969). 1969–92 жылы Қаржы министрлігінде бақылаушы-тексеруші, бөлім, басқарма бастығы, 1992–95 жылы Мемлекеттік қаржы бақылау комитеттінің төрағасы, 1995–97 Халықты әлеуметті қорғау министрі, 1997–99 жылы Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан аудиторлар палатасында жауапты қызметте, 1999–2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Әділет министрлігінің орынбасары болды. 2002-2007 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2011 жылдары – IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылдан бастап – V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен (2005) және «Парасат» ордендерімен, 4 медальмен марапатталған. Мемлекеттік қызметкердің 3-ші біліктілікті дәрежесіне ие (1996).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - спорт, оқу (детективтер, тарихи әдебиет).

Үйленген, бір қызы және немерелері бар. Жұбайы-Ғалия Қалиқызы. Қызы-Сәуле. Немерелері - Мирас, Диас.

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘЙІМБЕТОВ Сейітсұлтан Сүлейменұлы

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}