Сейітмұхамет Тәбәрікұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітмұхамет Тәбәрікұлы - тарихшы, ғалым-зоотехник. Ол Семей облысының Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар Абай, Ақсуат, Аягөз, Шұбартау аудандарында басшылық қызметтер атқарған. Ардақты Алаш арысы, қажырлы қайраткер Мәннан Тұрғанбайұлының өмірі мен қызмет жолы, шығармашылық мұрасы жөнінде 1999 жылы «Мәннан Тұрғанбаев» деген кітабы шықты. Бұл кітабы қайта өңделіп, толықтырылып, 2002 жылы «Қайран, Мәннан» деген атпен жарық көрді. Бұл кітапта Мәннан Тұрғанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жөніндегі құнды деректермен бірге Шәкәрім, Мұхтар Әуезов т.б. тұлғалардың Алашқа қатысы нақты мәліметтермен берілген, сондай-ақ қозғалысқа байланысты беймәлім деректер келтірілген. С.Тәбәрікұлы «Жанақ ақын», «Замана ағысы» деген еңбектердің авторы.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітмұхамет Тәбәрікұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}