Сейітжан Полымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітжан Полымбетов (25.5.1913 жылы туған, Шиелі ауданы Тартоғай ауылы) – мемлекеттік қызметкер. Алматы кен металлургия институтын (ҚазҰТУ) бітірген (1934). 1934 – 42 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінде нұсқаушы, Қарағанды облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1942 – 47 жылдары Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1947 – 50 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1950 – 56 жылдары Гурьев (Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1956 – 61 жылдары Қазақстан Жергілікті өнеркәсіп министрі, Алматы халық шаруашылық кеңесінің, техникалық комитеттің төрағасы қызметінде болған. 1961 – 68 жылдары Республикалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, 1968 –75 жылдары Қазақстан Министрлер кеңесінде бөлім меңгерушісі болды. КСРО, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейітжан Полымбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}