Сейіл Сарықұлұлы Жиенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1.5.1896, Батыс Қазақстан облысы Бөрте ауданы Жайық ауылы — 5.5.1945, Алматы) <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> — қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1942). Бөрте 2 сыныптық училищесін (1912), Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын (1916), ҚазПИ-ді (1928) бітірген. 1917 — 21 жылдары Ақбұлақ уезі Талды болысы Сазды ауылында мұғалім. Орынбор қаласындағы мектепте, оқытушылар инситутында (1921), әскери мектепте (1925), Шымкент қаласындағы педтехникумда (1926) оқытушы болды. 1929 ж. Қазақстан Оқу комиссариатында, Ауыл шаруашылық институтында, Ұлт мәдениеті инстиутында (1931 — 39), Оқу комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтында және ҚазПИ-де (1939 — 42) қызмет істейді. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін Тіл, әдебиет, тарих инстиутында сектор меңгерушісі болған. Жиенбаевтың “Қазақ тілі” (1930), “Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі” (1935), “Үлкендерге хат таныту методикасы” (1935), “Грамматика талдауыш” (1936), “Сөйлемнің тыныс белгілері” (1941), “Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы” (1941), “Сөздіктің жасалу мақсаты мен принципі” (1945), т.б. еңбектері жарық көрген.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейіл Сарықұлұлы Жиенбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}