Сейсен Мұқтарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейсен Мұқтарұлы (22.07. 1946, Жаңақорған ауданы Жетітөбе елді мекені – 1999, Алматы) – ақын, өнер зерттеуші. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1969). Еңбек жолын 1965 жылы «Жазушы» баспасында түзетушіліктен бастаған. 1971 – 82 жылдары Қазақ Совет экнциклопедиясында аға ғылыми редактор. 1982 – 86 жылдары «Өнер» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992 – 95 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатында ғылыми басылымдар бөлімін басқарды. «Жалын» баспасының тапсырмасымен «Кәмпеске» атты тарихи-анықтамалық кітабы жарық көрген. Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы болып қызмет атқарды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Бүлдіршін» деген атпен 1967 жылы жарық көрген. «Құм кескен керуен» (1971), «Саптағы сарбаз» (1974), «Тағы бір көктем» (1978), «Нұр тағысы» (1982) өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы (1990), «Шоқан және өнер» атты ғылыми публицистикалық кітабы және халық суретшісі К.Телжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» атты повесі (1985) баспадан шықты. 1990 жылы жазған «Күн желкен» немесе «Қорқыт ата дастаны», «Қорқыттануға баспалдақ» атты ғылыми-зерттеу еңбегі «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинағына (1989) енгізілді. 2001 жылы «Қара шаңырақ» атты лирикалық кітабы жарық көрді.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейсен Мұқтарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}