Сейдін Бизақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейдін Бизақов (26 қараша 1937 жылы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сүмбе ауылында туған)филология ғылымының докторы (2001 жылы). Қазақ Педагогика Институтының (1960 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) тарих-филология факультетін және Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 жылы) бітірді. 1968 жылға дейін Райымбек ауданы, Сүмбе ауылы орта мектебінде оқытушы болды. 1972–75 жылдары<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975–85 жылдары Қазақ политехника институтының Қаратау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі. 1985 жылдан Тіл білімі институтының жетекшісі, 2001 жылдан бас ғылыми қызметкері. Бизақов қазақтың ұлттық тақта ойынын дамытуға ат салысып, «Тоғызқұмалақ әліппесі» оқулығын жазды. Ол туысқан халықтардың тілі, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған бірнеше ғылыми-танымдық кітаптың авторы. Негізгі ғылыми жұмыстары қазақ тілі мәдениеті, әдеби норма, лексикография, этнография мәселелеріне арналған. 300-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Шығармалары

1. «Тоғызқұмалақ әліппесі», Бизақов С. - Алматы

2. ''Синонимдер сөздігі", Бизақов С. - Алматы : Арыс, 2007. - 640 б. - ISBN 9965-17-465-2 : 750.00 р., 2000.00 р.

3. «Түбі бір түркілер», Бизақов С. - Алматы

4. "Қазақ тілі қандай тіл?", Бизақов С. - Алматы: Арыс, 2010.- 429, [3] б. - ISBN 978-601-291-001-8: 860т.00т., 1000 дана.

Сілтемелер

1. Бизақов жазған мақала

2. Бизақов жазған мақала "Сүйген ісінің семсері еді"

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейдін Бизақов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}