Сейдалиева Әтен Мырқалықызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейдалиева Әтен Мырқалықызы1941 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауыл округне қарасты Алғабас ауылында дүниеге келген.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1960 жылы Құмарық орта мектебін үздік бітіріп, сол мектепте 1 жыл аға пионер жетекші болып жұмыс істеді.

1961 жылы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға тусіп, аталған оқу орнын 1966 жылы бітірді.

1968 жылы "Мектеп" баспасына кіші редактор болып жұмысқа алынып, аталған мекемеде 30 жылдан астам уақыт табан аудармай қызмет етті. Осы уақыт ішінде кіші редактордан аға редакторға дейінгі еңбек жолынан өтті, бірнеше кітапты орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалады, ұзақ жылдар жоғарғы оқу орындары редакциясында жемісті еңбек етіп, студентердің ана тілінде сапалы білім алуына өзіндік үлес қосты.

Сол жылдардағы еңбегіне орай Оқу министрлігінің, Баспа және полиграфия мемлекеттік комитетінің грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

1992 жылдан Қазақ мемлекеттік құрылыс-сәулет академиясының "Баспа редакциясының" қазақ бөліміне жетекшілік етіп, 1999 жылы еңбек демалысына шыкты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}