Сегіз сал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сегіз сал - өнерпаздар тобы. Жетісудың әнші, күйші, ақын, биші, сал-серілерінен құралған. 1909 ж. айтыскер ақын Әшім Нұрлыбаев (1889 - 1963) ұйымдастырған. Сегіз сал тобының мүшелері халық әндері мен күйлерін, ежелгі қисса-дастан, толғау-жырларды насихаттаи, елдің рухын көтерді. Сауың кештерін, жыр сайыстарын, ақындар айтыстарын өткізді. 1909 ж. Арқаның әнін Жетісуға жеткізген Балуан Шолақтың тобымен бірге ел аралап, өнер көрсетті. Тапқан таянғандарын жарлы-жақыбайларға үлестіріп берді. Сегіз сал қызметі 1916 ж. қанды қырғында тоқтады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}