Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әскери бөлімше

Сегізінші Гвардиялық Атқыштар ДивизиясыАлматыда жасақталған әскери құрама (1941). Тұңғыш командирі – И.В. Панфилов. Алғашында 316-атқыштар дивизиясы болып жасақталып, Мәскеу түбінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы аталды. Құрамы Алматы, Талдықорған, Шымкент облыстары мен Кырғызстан тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылы 17 тамызда Солтүстік-Батыс майданға жіберілді. Алғаш ұрысқа 6 қазанда Батыс майданның генералы К.К.Рокоссовский басқарған 16-армиясы құрамында Мәскеу қорғанысының шешуші учаскелерінің бірі - Волоколамск бағытында кірді. Мәскеуді қорғаудағы теңдессіз ерлігі үшін дивизия 1941 жылы 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталып, 18 қарашада Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы атақ алды. 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі И.В. Панфилов есімі берілді. Дивизия 1941 жылы 15 желтоксанда 16- армияның құрамынан Ставканың резервіне (16-30 желтоқсан) өтті. Оның командирі болып генерал-майор И.М.Чистяков тағайындалды. 1942 жылы16 наурызда Солтүстік-Батыс, Калинин майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1942-43 жылы Ловать өзенінде Холм қаласы түбінде қорғаныс ұрыстарын, 1944 жылдың басында 2-Прибалтика майданында Пушкин таулары мен Новосокольники түбінде шабуыл ұрыстарын жүргізді. Режица (Резекне) қаласын азат еткені үшін «Режицалық» құрметті атағы берілді, Риганы босатуға атсалысқаны үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 1945 жылдың көктемінде жаудыц 350 мыңдық Курляндия тобын талқандау операциясына қатысты. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде дивизияның 36 адамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардыц ішінде Б.Момышұлы (1990 жылы берілді), В.Клочков, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, И.Курганский, И.Шапшаев, А.Қосаев, М.Сеңгірбаев, А.Крючков, Я.Бондаренко, т.б. бар. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлік табандылық пен ерліктің, Отанға шексіз берілгендіктің үлгісі ретінде тарихта қалды (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Мыңдаған жауынгер мен командирлер, саяси қызметкерлер орден, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін дивизия моторландырылған атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1954 жылы дивизияның жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}