Северный полюс (ықпа станциялар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Северный полюс («СП») — Солтүстік полюс («СП») — Солтүстік полюске іргелес жатқан аудандардағы ғылми зерттеу мақсатында Солтүстік мұзды мұхиттың кең алапты кесек мұздарында орнатылған бұрынғы советтік ықпа станцияларының аттары. Станциялар жыл бойы атмосфера мен мұхитты комплексті түрде зерттеулер жүргізген. Олар мұзбен бірге ығып жүреді, демек олардың бір бөлігі мұхиттың Сибирь — Канадалық жартысында тұйық қисық жасап ығады да, ал екінші бөлігі Атлант мұхитының солтүстігіне қарай жылжиды. «СП» станцияларының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Арктикада ірі географиялық жаңалықтар ашылды. Атап айтқанда Ломоносов су асты жотасы табылды, Орталық Арктикада күшті циклон болып тұратыны және онда тұрақты антициклонның жоқтығы дәлелденді және тағы басқа көптеген жаңалықтар ашылды. «СП»-6 станция көлемі 75 км² қа жуық мұзының қалыңдығы 12 м айсбергте ығады. «СП»-4 станциясы ығу арқылы полюстен 10-12 км қашықтыққа жылжыды. «СП» станцияларының техникалық жабдықтары жыл сайын жетілуде; оларға ұдайы самолет ұшып тұрады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Северный полюс (ықпа станциялар)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}