Себептілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ishikawa Fishbone Diagram.svg
Себеп-нәтиже диаграммасы. "Ishikawa балықсүйегі". Cause = Себеп, Effect = Нәтиже, Problem = Мәселе, People = Адам, Process =Үрдіс, Equipment =Сайман, Management = Басқару, Environment =Қоршаған орта, Materials =Материал, Primary cause = Басты себеп, Secondary cause = Қосымша себеп

Себептілік ("себеп" деп те айтуға болады) — мәлім оқиғаның келесі оқиғаға әсері, бірінші оқиға арқылы келесі оқиғаны түсіндірудің мүмкіндігі.

Жалпылық мағынада, Себептілік мәлім факторлар (себептер, әсерлер) мен мәлім құбылыстың (нәтиже, туынды іс) арақатынасын білдіреді. Мәлім нәтиженің пайда болуына әсер еткен істердің бәрі сол нәтиженің факторлары есептеледі. Себеп тіке болуы да, немесе әлдебір дәнекер арқылы болуы да мүмкін. Аралық дәнекердің болу, болмауына қарай "тіке себеп" және "жанама себеп" (бәлкім "қосымша себеп") деп айыруға болады. Мұндағы тіке себеп еш дәнекерсіз болатын себеп. Бұл мағынада себептілікті себеп-нәтиже байланысы (causal nexus) деп атауымызға да болады.<ref>http://psychologydictionary.org/causal-nexus/</ref>

Себеп және нәтиже өзгеретін оқиғалыр үрдісін білдіреді, оның өзгеріс ауқымына объект, қасиет, шама, шындық, жағдай қатарлылар кіреді. Аристотель болса оны біртұтас "қозғалыс себебі" деп атаған және белгілі төрт түрлі себеп арқылы болмыс болуының өзгерісті жүйесін түсіндіруге тырысқан. Себептілік, себеп-нәтиже байланысы туралы философиялық және ғылыми ізденістің тарихы ұзақ, ол ежелгі шығыс-батыс философиясында, әсіресе Аристотельдің төрт себеп ілімі ең алғашқы жүйелі себептілік туралы ілім есептеледі. Дегенмен, себептілік бәрібір қазіргі заман философиясында да өте өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылудан айнымай келеді.

Тарихы

Аристотель

Үлгі:Main Аристотель "Неліктен" сұрағына төрт түрлі мағынада жауап беру және түсіндіру моделін ұсынды. Оның ойынша, кез келген түйінді мәселе осы төрт түрлі түсіндіру моделін толық қанағаттандырғанда барып біртұтас дұрыс шешілген есептеледі. Дәстүрлі философияның өзіне тән ерекше ұғымдар жүйесіндегі "себеп" ұғымы грек, латын, ағылшын және қазақ тілдерінің бүгінгі мағынасында да Аристотельдің осы төрт түрлі себебі белгілі бір деңгейде қамтылған. <ref name="Graham 1987">Graham, D.W. (1987). Aristotles's Two Systems, Oxford University Press, Oxford UK, ISBN 0-19-824970-5</ref><ref>http://www.wisdomsupreme.com/dictionary/aristotles-four-causes.php</ref>Қарапайым тілде "себеп" сөзінің мағына қатпары көп, оны сөз қаратылымына орай еркін қолдануға болады.

Біріншісі Материал себебі, нәрсе осыдан жасалатын, құралатын, нәрседегі өзгерістерге ұшырай бермейтін себеп, мысалы мыс ескерткіштің материал себебі мыс есептеледі. Субстанцияны да оның материалы негізінде қарастыруға болады.<ref name="Soccio2011">Үлгі:Cite book</ref>

Екіншісі Форма себебі, нәрселердің түр-келбеті және қасиеті мен бөліктерінің қосылуына қарай қалыптасқан бірбүтін құрылымы. Мысалы мәлім мөлшердегі мысты пайдаланып адам пішінін, мысалы Платонның бет келбетін жасауға болады.<ref name="sep-aristotle-causality">Үлгі:Cite web</ref>

Үшіншісі Қозғатушы себеп, нәрсе қозғалыстың алғашқы түрткісінен басталады, Қозғатушы себеп мәлім нәрсе сол нәрсе болудан бұрынғы алғышарт жағдайлары мен материалдарын пайдаланып жаңа формаға алып келген себеп есептеледі. Мысалы, адам еңбегі мен ақылы мәлім мысты мәлім формаға ие ескерткіш етіп жасап шығарады.

Төртінші Мақсат себебі, істің нәтижесі, ертеңгі болашағы, жарамдылығы, пайдасы. Бұл қозғалыстар мен жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Егер адам болса, оның мақсаты, ал зат болса оның неге жарайтыны оның мақсат себебі есептеледі. Мысалы, Сократтың тамақтан кейін денсаулықты жақсарту үшін серуенге шығуы, немесе зат жоғарыдан төменге құлайды, өйткені бұл оның табиғаты дегендей.

Аристотельдің себепті төрт түрлі түсіндіру моделі арасында қозғатушы себеп ғана қазіргі біздің себептілік мағынасына жақын айтылған есептеледі. Ал басқалары құрылымды, құрамды, қозғалысты, орындалу өлшемін білдіреді. Аристотель мұнда αἰτία деген сөзді қолданған және бұл сөзді қазақшалағанда "себеп" деген мағынадан көрі "түсіндіру" мағынасы басым екені белгілі. Басқа бір мағынада аударғанда, мұны Аристотельдің "Неге" сұрағына жауап беретін төрт негіз ілімі деп те атауға болады.<ref name="Graham 1987"/>

Аристотель Қозғатушы себепті тәжірибенің негізгі шындығы ретінде шамалап, түсіндіруге келмейтін күрделілікті сол арқылы жеңілдетіп түсіндіруге болады деп есептеді.

Аристотельдің біраз еңбектерінде төрт себептің тізімі өзгеше етіп беріледі: (1) негіздік себеп, (2) логикалық алғышарт, (3) қозғалыс себебі, және (4) нәтиже себебі. Мұнда, негіздік себеп дегеніміз объект өз атауы білдірген анықтамаға сай келу дәлелділігі. Логикалық алғышарт дегеніміз объект туралы түсіндірудің неге дұрыс болатыны туралы уәжділік. Бұл пікірлерден Аристотель түсіндіруіндегі себеп ұғымы негізінен "түсіндіру" мағынасында айтылғанын байқаймыз.

Аристотельдің түсіндіруіне негізделсек, "Қозғатушы" (Efficient Cause) сөзін "қозғалыс", "басталу" мағынасында да түсінуге болады. <ref name="Graham 1987"/>

Қозғатушы себеп Аристотель физикасы бойынша төрт элементке (топырақ, ауа, от, су) тағы бесінші элемент эфирді (αἰθήρ, aether) қосады. Ауырлық қасиетіне ие су және топырақ төмен құласа, жеңілдік қасиетіне ие ауа мен от жоғары өрлейді. Айналып қозғалатын ғарыштың орталық өзегінде жер шары тұрады.

Аристотель метафизикасы бойынша, әрбір зат өзінің табиғи қозғалысы бойынша өмір сүреді, бірақ нақты қозғалыстың тууы қозғатушы себептің түрткісінен болады. Аристотель былай дейді:

Үлгі:Дәйексөз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер