Светлана Подобедова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар Светлана Николаевна Подобедова (1986 жылы 25 тамыз, Иркутск облысы, Ресей) – Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Ресейден (Зима ауылынан) қоныс аударып келген спортшы. 2007 жылға дейін Ресей құрамасы сапында болған. 2007 жылы Светлана Қазақстан азаматтығын қабылдады. Екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2010), екі дүркін Еуропа чемпионы (2004, 2005), Қазақстан чемпионы (2010, 2011, 2012), Азия (2009) және Азия ойындары (2010) чемпионы атанған. 2011 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жұлқи көтеруде 134 кг салмақпен Әлем рекордын орнатқан. Қос сайыс бойынша 295 кг салмақтағы Әлем рекордын да Светлана Подобедова орнатқан. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Сурет:Stamps of Kazakhstan, 2013-05.jpg
Пошта маркасы, 2013 жыл

2007 жылы Светлана Подобедова және жаттықтырушысы Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен келіссөз жүргізіп Қазақстан атынан қатысуға келісімін берді. Алайда Ресей ауыр атлетика федерациясы оның бұл әрекетін құптамай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымданды. Өйткені ереже бойынша қандай да зілтемір көтеруші басқа елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін арада екі жыл өткеннен соң ғана ресми халықаралық жарыстарға қатыса алады. Сөйтіп, ол төртжылдықтың басты жарысы Бейжің Олимпиадасынан шет қалды. 2009 жылы Подобедованың Алматыға келгеніне екі жылдан астып, ол Қазақстанның атынан сынға түсе алатын болды.

2009 жылғы Әлем чемпионатында жұлқи көтеру бойынша 130 кг бағындырып Әлем рекордын жасаса, серпе көтеру сынында 160 кг көтерiп абсалютті әлем рекордымен 2-шi орын алған Цао Лейден (Қытай) 23 кг басым түседі. Подобедова 2009 жылғы әлем чемпионы атағын тағы же­ңіп алды. Сонымен бірге ол Түркия­ның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында дүние­жү­зі­лік рекордқа үш рет өзгеріс енгіз­ді.

Марапаттары

  • Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.
  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • «Қазақстанның үздік спортшы қызы» (2009, 2010).
  • Халықаралық ауыр атлетика федерациясы көрсеткіші бойынша «Ең үздік зілтеміршісі» (2010).
  • Profile IWRP
  • «Парасат» ордені<ref name="test">[1] Подобедова – жыл спортшысы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub