Саңырау (керең)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саңырау (керең). Құлағы естімейтін, керең адамды көбіне осылай атаймыз. «Саңырау адамдар бар жағдайды кісінің қас-қабағынан, қимылынан таниды» (Т. Ахтанов,Көк Құтан). Іздестіре келгенде «саңырау» сөзінің түбірі «саң» екендігі анықталады. Түркі, моңғол тілдеріне туыс саналып жүрген тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің көбінде «сеен», «сан» тұлғалы сөздер қазақ тіліндегі «құлақ» мағынасын бере алады. Сол тілдерде осы түбірлерге жұрнақ қосылып, «сеңан», «соңанил» қалпына дейін өзгерген де, біздегі осы әңгіме болып отырған «саңыраумен» мағыналас болады. Осы дерекке қарап, біздегі «саңырау» сөзінің де түпкі түбірі «саң»-ның құлақпен байланысты болуы ықтимал. Бұл ойымызды -ырау жұрнағы арқылы пайда болған қоңырау, шыңырау сияқты сөздер құптайды. Сонда «саңырау» дегеніміз «құлақсыз» мағынасының орнына жүріп тұрған болады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}