Сақыпкерей Жанболатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сақыпкерей Жанболатов (1889 - ө.ж.б.) - қазақтың 1-үлгілі атты әскер командирі. Қазан Университеті заң факультетін бітірген. 1915 ж. Санкт-Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесінде оқыған. Патша әскерінің подпоручигі (1916), бір жыл өткен соң поручик атағын алған. 1918 ж. Ордада қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкын ұйымдастыруға қатысып, ел ішінен жігіттер жинасқан. Ол облыстық әскери комиссариатта жұмыс істеумен қатар 1-эскадрон командирі болған. 1919 ж. 23 мамырда Қазақ өлкелік әскери комиссары М. Тұңғаншиннің бұйрығымен Ж. осы полктың командирі болып тағайындалған. 1919 ж. 3 маусымда Н. Нариманов РКФСР ОАК-нің құрметті Қызыл Туын Ордада Жанболатовқа тапсырған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub