Сағыр Аймағамбетұлы Камалов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сағыр Аймағамбетұлы Камалов (1905, бұрынғы Ақтөбе уезі, 9-а. – 1938) – жазушы, драматург.
- Кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
- Өз аулында орталау мектепті бітіргеннен кейін Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыды (1923 – 27).
- Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтын бітірді (1931).
- 1931 – 37 жылы Алматы музыка мектебінің меңгерушісі
- 1938 жылы Қазақ драма театрының директоры қызметін атқарды.
Шығармашылығы
- Тұңғыш шығармасы – “Таңдағы талап” әңгімесі 1930 жылы жарық көрді.
- “Ұшқыннан өрт”
- “Шахтада”
- “Колхоз қарауылы”
- “Ұсталды”
- “Алтай асуында”
- “№21-інші”
- “Екпінді №90”
- “Ордадағы ойран”, т.б. әңгіме, өлең, мақалалары жарияланды.
- “Қанды таяқ” пьесасы (1932 жылы Т.Жароковпен бірігіп жазған)
- “Екпін” атты әңгімелер жинағы
- “Алтай жолы” романынан үзінді жарық көрді.
- “Құттықтаймын” (1936)
- “Ер Тарғын” (1937) атты драмалық шығармалары жеке кітап болып шықты.
- Камалов либреттосын жазған “Ер Тарғын” операсы (1937, музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі) қазақ театрларының тұрақты репертуарына енді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}